
«Талғар медициналық колледжі» мекемесінің әдістемелік кеңесінде педагогтарды аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары бойынша педагогикалық ұжымға түсіндірме жұмысы жүргізілді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 30 желтоқсан 2022ж №533 бұйрық негізінде педагогтерге 2024ж аттестаттау ережесі бойынша ақпараттар таныстырылды.
Биылғы аттестаттау үрдісі бойынша енгізілген өзгерістер: Аттестаттаудан өтетін әр педагог «Ұстаз» платформасында жеке кабинеттері арқылы өтініш бере алады, қызметтік талдамаларын (біліктілікті арттыру курстарының сертификаттары, сабақ талдау парақтары, шығармашылық жетістіктерін растайтын дипломдар, марапаттар) енгізе алады. Білім алушылардың оқу нәтижелері, педагогтың ПББ (ОЗП) нәтижелері (жалпы саны 50 сұрақ болатын тест тапсырмалары) негізгі критерийлердің бірі.